Білім

«ШЫМКЕНТСКИЙ ВАРИАНТСЫЗ» ЖҰМЫСҚА КІРГЕН МҰҒАЛІМ

WhatsApp желісінде тараған мұғалімнің жазбазын редакцияламай жариялауды жөн көрдік

Сәлеметсіз бе, Жанат Арысбековна?! Инстаграм желісінен жеке меншік балабақшалар туралы постыңызды көріп жазып отырмын. Бірақ менің айтпағым балабақшалар туралы емес. Жеке меншік мектеп туралы болмақ. Бәлкім бұл хатты оқымайтында шығарсыз, бірақ неге екенін білмеймін сізге жазғым келді, «қазақта жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген бар ғой. Мен өзім қазір декреттегі жас босанған анамын! Өзім қос дипломым, магистрім бола тұра, бұрында жеке меншік садиктің, жеке меншік колледждің табалдырығын тоздырған адаммын. Дұрыс жұмысқа орналасу арманым еді, тіпті намазымда жалынып тілейтін едім. Себебі Шымкенттегі қалтаң қалың, танысың семіз болмаса жұмысқа жолатпайтыны да айдан анық. Өзіңіз айтпақшы балабақша деп атауға келмейтіндердің біраз былығын көз көрмегендей күн кешіп жүргенмін іштен тынып. Бір күні инстада өзіңіз сиқяқты пост салған қала әкімінің парақшасынын ЖШС «Абай Құнанбаев атындағы жеке меншік мектеп» ашылғанын, және кадрлады қабылдайтынын оқыдым. Қай жерге барсада «Шымкентсий вариантын» тықпалайтынынан әбден шаршаған мен сол әкімнің постына пікірге қалтаң бомаса бәрібір қабылдамайтыны туралы ұзын сонар пікір жаздым. Бірақ маған олай еместігі туралы пікірлер жауапқа келді. Содан не керек құжаттарымды арқалап бардым сол «Абай Құнанбаев атындағы жеке меншік мектепке». Собеседование, соңынан тест тапсырдық 100 деген мұғалім. тестті директордың өзі алды. Жоғары балл алғандардың бәрі дерлік жұмысқа қабылданды. Қуанышымда шек болмады. Жақындарымның бәріне жұмысқа шәпкісіз қабылдындым десем сеніңкіремей қарайтын «мүмкін емес ондай Шымкентте» деп. Сол мектепте 3 жыл жұмыс жасап, өз теңімді тауып міне сізге жазып отырмын көзіме жас алып. Мектептің ұжымы, директор, құрылтайшы керемет кісілер. Күйеуім мемлекеттік мектепте мұғалім. Ай сайын жинайтындары жетерлік. Қағазбастылығы өз алдына. Ал мен айтқан жеке меншік мектепте керісінше, ақша жинамақ түгілі кадрдың өзіне береді. Жақында кәсіподағы хабарласып босанған аналарға ақша бөлініп тұратынын айтып счетымды сұрап мектеп сәлемдемесін салып жіберіпті. 😄Декретте отырған аналарға үлкен көмек екенін, және бұндай нәрсе ешбір жерде жоқ екенін ана жүрекпен өзіңізде білерсіз! Ол мектепті сондай жақсы көремін неге екенін білмеймін. Сол орынды шын жақсы көргенің үшін болар белсеніп, бар ынта шынтаңмен жұмыс жасайтының! Ол мектеп көп ұлтты мектеп. Өзбек ағайындарымызбен бірлікте, татулықта жасалынып жатқан нағыз еңбектің көкесі. О бастан ақ 200 ден аса кадрды шын адал жолмен алған соң қалай жақсы болмасын. Жеке меншік деген сөзден шығады ғой, жеке меншік нашар деген сана бар миымызда. Асылында олай емес. Сізге бір айтып жеңілдеп қалғандаймын. Оқып жатсаңыз уақыт бөліп әңгімемді тыңдағаныңызға рахмет💖

Балжан Әмірәлі

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close