Білім

ӘСЕЛДІҢ ШЫҚҚАН ШЫҢЫ

Убайда Әсел Жолымбекқызы  2005 жылдың 13 маусым айында  дүниеге келді. Ордабасы ауданы Жусансай ауылындағы «Жусансай» жалпы орта мектебінде 1 сыныптан бастап оқиды. Үлгілі, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп келеді. Ата анасы мен бауырларына ерекше құрметпен қарайды.

Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар, үздік оқушы. Өзге адамдармен тез тіл табысады, ақкөңіл, үнемі күліп жүреді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай сурет салғанды  ұнатады.  Әсел тарих пәнін және әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, өз білімін жан жақты жетілдіреді. Әселдің бойында сурет салу өнері кішкентай кезінен  дарыған тума талант. Шығармашылық қиялы дамыған,өз алдына анық мақсат қоя біледі.

Әсел осы жылдар арасында бірнеше Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ: 2020жылы Республикалық «Жарқын Болашақ» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген V Республикалық «Жарық жұлдыз» өнер байқауында жүлделі I орын иеленіп, V Халқаралық іріктеу кезеңіне жолдама алды. 2021 жылы Республикалық «Зерде» байқауынан жүлделі I орын алды. 2021 жылы  «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты Республикалық  өнер байқауынан БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. 2021жылы V Халқаралық «Жарық жұлдыз» өнер байқауынан жүлделі I Дәрежелі лауреат атағын алды. Осы жарыстарда шығармашылық қабілетін ашып, қасында әрдайым қолдап жүрген анасы әрі жетекшісі Аблаева Алия Махамбетжановна.

Біз шәкіртіміздің әлі талай шыңды бағындырарына сенеміз.

Мәденов Мақсат,

«Жусансай» жалпы орта мектебі директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close