Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ-3

Жара – тері немесе шырышты қабықтар тұтастығының олардың барлық қалындығына бұзылуымен тіннің механикалық зақымдануы.

Жараның басты белгілері – аурады, жара шеттерінің айырылуы және сыртқы қан кету.

Жаралар беткі, терінің тұтастығы ғана бұзылатын және терең, терең жатқан түзілімдердің бұзылуымен – тері асты-май жасұнықтың, бұлшықеттің, сүйектердің, буындар мен ішкі ағзалардың бұзылуымен сүйемелденетін болып бөлінеді.

Терінің толық зақымдалмауы терінің сыдырылуы деп аталады.

Жаралану нәтижесінде пайда болған, араның қабырғасы мен түбімен шектелген, тіндегі кеңістік жара қуысы деп аталады. Жара қуысының өлшемдері жаралайтын заттың мөлшері мен пішініне, тін- ге өтіп кету тереңдігіне, сонымен қатар тіннің зақымдану аймағында тартыну қабілетінің дәрежесіне байланысты. Жараны сыртқы орта- мен және терең жатқан түзілімдермен қосатын жара қуысының бөлі- гі жара каналы деп аталады.

Каналы құрсақ, плевралды және басқа қуыстарға өтетін жаралар ойық жара деп аталады.

Жара қуысы бос кеңістік болып келмейді. Оның ішінде әрқашан ұйылған қан, зақымдалған тіннің қалдықтары, ал жеке жағдайлар- да – бөтен заттар болады (киімнің үзінділері, топырақтың, ағаштың бөлшектері, металл заттар және өзг.).

Жаралардың түрлері. Жаралар жаралану аймағындағы ана- томиялық бұзылыстардың ерекшеліктеріне байланысты түрлерге бөлінеді. Жаралардың келесі түрлері болады: шаншылған, кесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, атылған және аралас.

Шаншылған жаралар үшкір жіңішке заттармен жасалады (шеге- мен, бізбен, сыммен, тігін инемен, балытың сүйегімен және басқ.). Олар кішкентай, кей кезде нүкте өлшемімен және жіңішке, ұзын жара каналымен ерекшеленеді. Шаншылған жараның түбінде ірі қан тамыры зақымдалуы, бұл ретте жара каналы тар болғандықтан қатты қанау болмауы да мүмкін, ал қан тереңдікте ауқымды гемато- маны қалыптастырып жиналуы мүмкін. Іштің немесе кеуденің шан- шылған жаралары жиі ойық болып келеді және ішкі органдарының зақымнауымен сүйеменлденуі мүмкін.

Кесілген жаралар өте жіңішке заттың сырғанау қозғалысынан пайда болады (пышақтың, ұстараның жүзімен, шының шетімен және басқ.). Олар тереңдіктен көрі ұзындығы басып болатынымен және тегіс шеттерімен сипатталады. Қабырғаларының және жара қуысы түбінің тіндері тішілікке икемді, некроз учаскелері жоқ және орташа қансырайды. Жара қуысының тереңдігі шамалы болса, жа- раның қуысы шаншылған-кесілген деп аталады.

Шабылған жаралар ауыр өткір заттардың соққысынан пайда болады – балтамен, күрекпен, орақпен және басқ.. Терімен және тері астындағы май қабатымен қатар көптеген жағдайларда иерең жатқан анатомиялық түзілімдер де – ұлшықеттер, сүйектер, буындард да зақымдалады. Шабылған жаралар әр қашан үңірейді, қан қатты ағады, шеттері тегіс болады.

Жаншылған жаралар теріні ғана емес, астында жатқан тіндердің де механикалық беріктігінен асатын доғал затпен қатты соққан кез- де пайда болады. Тіндердің зақымдануы оларды езу және үзу ме- ханизмі бойынша, олардың тіршілік әрекетінің жоғалуымен және ауқымды некроздың туындауымен өтеді.

Соғылған жаралар – доғал затпен соққан немесе доғал затқа құлаған кездее пайда болады. Соғылған заттардың пішіні әрқашан дұрыс емес, шеттері тегіс емес, кетіктелген, қанмен толған және алғашқы некроз учаскелерін қамтиды. Жараның пайда болуымен бір уақытта айналадағы терінің және терең жатқан тіндердің және олардың қан тамырларының зақымдалуы болады. Қан тамырлары тромбталады, соғылған тіндердің тіршілік әрекеті бұзылады, бұл ке- лесіде тері шетіндегі және жараның ішіндегі қайталама некроздың туындауына әкеледі.

Жыртылған жаралар әртүрлі механизмдердің, трансмиссиялар- дың, жол-көлік апаты кезінде қозғалып жатқан бөліктеріне тиген тіндердің қатты созылу салдарынан пайда болады. Олар шеттерінің дұрыс емес, қиықты пішінімен, терінің тері астындағы-май жасұ- нықпен бірге тіннің ауқымды ақауын қалыптастырып үзілуімен си- патталады. Соңғылары топырақпен, майлау заттарымен және басқ. кірленуі мүмкін. Тіннің ауқымды қиықты толық және жартылай то- лық бөлігі бар жыртылған жаралар скальпельденген деп аталады.

Тістелген жараларең алдымен жануарменадамныңауызқуысын- дағы әртүрлі вируленттік микробтардың көп мөлшері салдарынан алғашқы инфекция жұқтырудың жоғары дәрежесімен сипатталады. Сондықтан тістелген жаралар нашар жазылады, іріңдеуге бейімді. Жануардың тістеуінен ең ауыр асқынуы құтыру ауруы болып табы- лады – жабайы жануарлардың арасында тараған вирустық инфек- ция. Үй жануарлары (мысықтар, иттер және басқ.) тістеген кезде соңғылары тістеу кезінде немесе құтыру вирусы жұққан жануар- дың сілекейі адамның жарасына тиген кезде, ол аурудың тасымал- дауышы болады. Бұл жағдайларда антирабикалық сарысуды енгізу қажет. Терінің және терең жатқан тіндердің адам тістеген кездегі си- патты зақымдар сот-медициналық сараптама үшін маңызы бар жеке ерекшеліктермен ерекшеленеді.

Атқан жаралар атқыш құралдардың снарядтарымен (оқ, дробь) немесе жарылыс әсері бар оқ-дәрілермен (снарядтардың, миналар- дың, бомбалардың, гранаттардың, қолдан жасалған жарылыс құрал- дардың және басқ. сынықтары) жасалады. Оқпен жаралау өтпелі, кіру мен шығу жара тесігінің қалыптасуымен немесе «соқыр», кіру жарасы ғана бар, ал оқ тіннің тереңдігінде қалып қойған кезде бо- луы мүмкін. Оско¬лочные ранения в большинстве случаев являются «слепыми». Оқ жараларының пішіндері домалақ, жарқыншақ жаралар тегіс емес қиыр шеттерімен сипатталады.

Атқан жаралардың ерекшелігі жара тесігінің кішкентай өлшемі мен жара қуысының зақымдалған тіндерінің үлкен шамасы арасын- дағы сәйкессіздік болып табылады. Қуыс әдетте ұйған қанға, әдетте- гі жасушалы құрылымын жоғалтқан өлген тіндерге толы болады (тін детриті). Оның ішінде сүйек сынықтары, киім үзіндісі және басқа бөтен заттар болуы мүмкін.

Жара қуысының айналасында тіндердің травматикалық некрозы- ның аймағы орналасқан.

Оқ ату снарядының жылдамдығы мен оның кинетикалық энерги- ясы жоғары болған сайын, тіндердің бұзылуы ауқымдырақ болады.

Аралас жараларжаралардыңбірнешетүрінің белгілерін қамтиды. Жараның жазылуы. Барлық әртүрлі жаралар іріңдеп немесе іріңдемей жазылады. Бірінші түрі – алғашқы тартумен жазу, екінші

– екінші тартумен жазу.

Алғашқы тартумен жазу тек қана кесілген тіршілік қабілеті бар және шеттері қанмен жақсы қамтамасыз етіліп жатқан және шан- шылған жараларда болуы мүмкін. Егер мұндай жаралар қайтада ми- кробтық кірленуден қорғалған болса, ал шеттері жақсы жабылған болса, онда жазу іріндеусіз өтуі мүмкін.

Екінші тартумен шеттері қисық, шеткі некроз учаскелері, терінің ақауы бар, сондай-ақ патогендік микробтармен ластанған жара- ларды жазады. Оларға барлық соғылған, жыртылған, жаншылған, жарқыншақ, тістелген жаралар жатады.

Екінші тартумен жазу процессі жараның қабынуы мен өзін өзі тазартудан басталады. Бұл кезенде жара қуысының қабырғасы мен түбіне тікелей жанасатын, тіндегі ұсақ қан тамырлары кеңееді. Кеңейтілген капиллярлардың жұқа қабырғалары арқылы жара қуы- сына қанның сұйық бөлігінің (экссудация), лейкоциттер мен лимфа- лардың шығуы болады.

Жараға түскен микробтар бөлетін ферменттердің әсерінен тін- нің өлген учаскелерінің жұмсаруы, ыдырауы және шеттетуі өтеді. Жара қуысының айналасында орналасқан лейкоциттер, лекоци- тарлық толқыны микробтардың жара шегінен тыс таралуына жол бермейді. Шеттетілген некротикалық учаскелер микробтардың де- нелерімен және ірің түріне айналатын лимфалармен бірге жарадан жойылады. Жараның іріңдеуі жараланудан кейін төртінші-бесінші күндері шығады және жараның өзін өзі тазартуға бағытталған ағза- ның қорғау-бейімделу реакциясы болып табылады.

Жара некротикалық тіндерден өзін өзі тазартқан сайын жара қуы- сын біртіндеп түбінен және қабырғаларынан бастап толтыратын, жас дәнекер тіннің қалыптасуы мен өсуі (түйіршіктенуі)болады.

Пісіп, түйіршіктер тығыз тыртық ұлпаға айналады. Бұл ретте оның талшықтары қысқарып, жараның шеттерін қосып, тартылады. Сонымен бірге шеттерінен жара қуысын толтырған түйіршік тінді біртіндеп жабатын эпителий өседі. Жаңа тері жжамылғысында шаш, май без бен тері бездері жоқ, ол тікелей тыртық ұлпада орналасқан және онымен тығыз дәнекерленген.

Эпителийдің өсу жылдамдығы жара шетінен 7-10 күн ішінде бар болғаны 1 – 1,5 мм құрайды. Сондықтан терінің ақауы бар кең жа- ралар баяу жазылады. Тізенің алдынғы бетіндегі, құйымшақтағы, өкшедегі жаралар ұзақ жазылады, өйткені бұл жерлерде терінің астында сүйек оррналасқан және әртүрлі себептерден қан айналымы төмен. Жаралардың тез жазылуына зардап шеккен адамның жалпы жағдайы да әсер етеді. Ауыр аурулармен ауырған, авитаминозы бар, диабетпен ауратын адамдарда жаралардың жазылу қарқыныбаяу.

Жаралардың қайталама инфекциясы түйіршіктердің ыдырауына, жас эпителийдің балқуына әкелуі және жараның жазылуын тежеу мүмкін.

Жаралардың асқынулары. Қан ағуы. Әр жарақатталған кез- де қан тамырлары зақымдалып, қан аға бастайды. Зақымдалған қан тамырының түрі бойынша қан ағулар артериялық, күре тамырдан, капиллярлық және аралас (артерио¬веноздық) болып бөлінеді. Ішкі органдардан капиллярлық қан ағу паренхиматозды деп аталады.

Ірі (магистралды) артерия жараланған кездегі артериялық қан ағу үңірейген жарадан қызыл түсті қан ағынның шығарылуымен сипатталады; күре тамырдан қан аққан кезде жарадан күңгірт қы- зыл түсті қан біркелкі ағады; капиллярлық қан ағулар ұсақ тамырлар зақымдалған кезде пайда болады.

Паренхиматозды қан ағулар артериялық пен вена капиллярларының тарамдаған желісі бар, іштің (бауыр, көкбауыр, бүйрек) паренхиматозды органдары зақымдалған кезде болады.

Қан ағу пайда болған уақыты бойынша олар алғашқы мен қайталамаға бөлінеді.

Алғашқы қан ағу бірден қан тамырын жаралағаннан кейін пайда болады, қайталамасы – қан ағуды кенетен тоқтатқаннан немесе оны емдеу тәсілдердің көмегімен тоқтатқаннан кейін біршама уақыт өткен соң пайда болады.

Әдетте қайталама қан ағуларға екінші тәулікте немесе одан кеш мерзімде туындайтын қан ағуларды жатқызады.

Алғашқы қан ағу арасында жиі артериялық-веналық және күре тамырдан қан ағулар кездеседі, қайталама қан ағулары көбінесе ар- териялық, сирек паренхиматозды болып табылады.

Қайталама қан ағулардың себебі – алдында салынған жгут босап кеткен, аяқ-қолдың иммобилизациясы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде, зардап шеккен адамды тасымалдау уақытында жиі және дөрекі орнын ауыстыру салдарынан зақымдалған қан тамы- рының тесігінен қатпаған тромбтың шығуы. Қайталама қан ағулар қатарына инфекцияланған жарадағы қан тамырының қабырғасына бөтен заттың немесе сүйек сынығының тұрақты қысымына бола туындайтын, тамыр қабырғасының тесілуіне әкелетін қан ағулар да жатады.

Қайталама қан ағулар, әсіресе артериялық, қауіптілерге жатады, өйткені ол қан жоғалтқан, оны өтьеу механизмі әлсіз зардап шеккен адамда пайда болады.

Қан ағу жері бойынша қан жара арқылы сыртқа аққан кезде сыртқы және қан тінде немесе ойық жара болса – қуыстарда жиналса, ішкі болады.

Қан терінің астына немесе бұлшықеттің қаптамасы астында (фасция) аққан жағдайда, тіндерде қанның шектелген жиналуы (ге- матомалар) қалыптасады. Бір қатар жағдайларда үлкен өьшемдерге жеткен кезде, гематомалар бұлшықеттерді және қасында орналасқан қан тамырлары мен жүйкені қыса бастайды, бұл айналадағы тіннің қоректенудің бұзылуымен сүйемелденуі мүмкін.

Жаралардың өмір үшін қауіпті асқыну, көп жағдайда ірі артери- яның зақымдануынан болатын қатты сыртқы қан ағу болып табылады. Техногендік апаттарда қатты сыртқы қан кету салдарынан қан жоғалту, жағдайлардың жартысында зардап шеккеннің қаза болу се- бебі болып табылады. Сондықтан қан кетулерді ерте диагностикалаудың маңызы ерекше. Ірі артерияның жараланудың негізгі белгілері: жараланған адамның қарқынды және қысқа уақытта киімнің қанмен сулануы;

қанның зардап шеккен адамның аяқкиімінде, қасында жерде жи- налуы;

дененің ашық жерлеріндегі терінің күшейіп жатқан бозаруы (бетінің, қолдарының);

жалпы әлсіздіктің, бас айналуының, жүрек айнудың тез пайда болуы;

жараның ірі артериялардың проекциясында орналасуы.

Магистральды артериялардың ең жиі зақымдануы жаралар иықтың орта немесе төменгі үштен бір бөлігінің ішкі бетінде және жамбастың алдынғы ішкі бетінде орналасқан кезде ең жиі кездеседі.

Сиректеу ірі артериялардың зақымдануы қолтық, бұғана асты және тізе асты аймақтарында жараларды оқ- шаулаған кезде туындайды.

Күре тамырдан қан ағу күре тамыр қанының қысымы төмен болғандықтан және күре тамырларының оңай түсетін жіңішке қабы- рғаларына бола өмір үшін өте қауіпті емес, бұл күре тамырдың тез тромбалауына себепші болады.

Дегенмен ірі күре тамыр ды жаралау қанның көп жоғалтуына әкелуі мүмкін.

Ірі күре тамырларының жараланудың басқа қаупі ауа эмболиясы- ның мүмкін болуы, яғни қан ағынымен тамырдың тесігіне ауа көпір- шіктерін сорып алу. Бұл ретте ауа тығындары маңызды тамырлардың тесіктерін жауып тастауы мүкін, бұл қанның қан айналымы жүйесі бойынша қалыпты айналуына қауіп төндіреді. Бұл жағынан мойын мен кеуде тамырларының зақымдануы ерекше қауіпті болады.

Қан ағуды уақытша тоқтату. Көп жағдайларда ірі және орта өлшемді тамырлардан қан ағуды тоқтатудың практикалық маңызы бар. Ұсақ қан тамырлары зақымдалған кездегі қан ағулар таңғыш салып тоқтатылады.

Ірі артериялардың зақымдалуы кезінде қан тоқтатудың маңызы зор. Мұндай қан ағулар бірнеше минут ішінде зардап шеккен адамның көп қан жоғалту салдарынан өліміне әкелуі мүмкін.

Магистральдік артерия жараланған кезде қанды дереу тоқтату қа- жет. Кез келген кідірісті жағдайға қарамастан жіберуге болмайды. Артериялық қан ағуды уақытша тоқтату үшін келесі тәсілдер қолданы- лады (13.1, 13.2 сур.): бірнеше саусақпен немесе екі қолдың үлкен са- усақтарымен, бір саусақты екіншісінің үстінен қойып, «типтік жерде» зақымдалған жерден жоғары астындағы сүйекке артерияны саусақпен қысу;

жамбас артериясын қысу жұдырыққа қысылған саусақтармен шап- тан төмен шат сүйегіне жүргізілуі мүмкін;

Артериялық қан ағуды уақытша тоқтатудың ең тиімді тәсілі қан тоқтату жгутты салу болып табылады.

Стандартты жгут болмаған кезде қол астындағы құралдар қолда- нылуы мүмкін – белдіктер, байламдар, шарфтар, олардан «бұрама» түрінде импровизацияланған жгут жасалады.

Мүмкіндік болған кезде импровизацияланған жгут стандартты жгутқа ауыстырылуы тиіс.

Жгутты салған кезде келесі ережелерді сақтау қажет:

жгуты аяқ-қолдың қансыздануын барынша кішірек жерімен шектеу үшін, мүмкіндігінше зақымдалған жерге жақынырақ салады;

жгутты салу жерун киіммен, жұмсақ төсенішпен, бірнеше қабат бинтпен қорғау керек;

жгутты созады және созылған күйде бір біріне тікелей жатқызып 2-3 рет орайды.

Жгутты салғаннан кейін зардап шеккен адамның киіміне көрінетін жерде жгутты нақты салған уақыты көрсетілген жазбаны қалдырып, аяқ-қолын мұқият иммобилизациялау керек.

Жгутты таңғышпен жабуға болмайды, ол жақсы көрінуі, көзге түсуі тиіс. Аяқта жгут 2 сағат көп, ал қолдарда – 1,5 сағаттан көп болмау керек. Жылдың суық мезгілдерінде аяқ-қолды жгутты салғаннан кейін үсіп кетуіне жол бермеу үшін жылы орап қою керек.

Жгут салынған зардап шеккен адам қан ағуын тоқтату үшін бірін- ші кезекте эвакуациялануы тиіс. Эвакуация кідірген кезде, алдын ала жгуттан жоғары жерде артерияны саусақпен қысуды тегістеп, жгутты сәл босатады, ал содан соң оны қайтадан алдында орналасқан жерінен шамалы жоғары қайтадан тартып қояды.

Күре тамырдан қан ағулар артериялық қан ағуға қарағанда жиі кез- деседі және көбінесе аяқ-қол жарақаттаған кезде болады. Көп жағдай- ларда күре тамырдан қан ағуды тоқтату қандай да арнайы құралдар мен шараларды қабылдауды талап етпейді. Оған күре тамыр қан та- мырларының анатомиялық құрылысы мен қанның күре тамыр жолы бойынша баяу ағуы себепші болады.

Аяқ-қолдың күре тамырлары зақымдалған кезде қан ағуды тоқтату- дың негізгі тәсілдері:

аяқта жара болған кезде зардап шеккен адамды жатқызады және зақымдалған аяғын созылып тұрған күйде 5-7 минутқа 40-50 см-ге кө- теріп қояды. Содан соң аяқтарын түсірмей, жараға басатын таңғышты салады;

қолдың жарасын оқшаулаған кезде қолды тік ұстап тұрады, 5-7 ми- нуттан соң таңғыш салады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close