Білім

ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің АПӘК әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Атамекен» жалпы орта мектебінде «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн форматында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың  мақсаты: Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктеру оқыту әдістемесімен пән мұғалімдерін таныстыру, тәжірибе алмасу.

Тәжірибе алмасу семинарында «Атамекен» жалпы орта мектебінің директоры Дилда Тинисбаева мектептегі биология,физика және информатика пәндерін ағылшын тілімен кіріктіре оқыту барысын талқылады. Мұннан соң, жалпы білім ошағының тыныс- тіршілігіне тоқталып өтті.
Семинар барысында сабақ мақсатына жету үшін пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалімнің шеберлігіне байланысты тапсырмаларды дұрыс үйлестіру және өзге де ресурстарды қолдану жолдары туралы кеңінен мағұлмат берілді. Баяндама жасаған пән мұғалімдері интернет ресурстардың көптеген түрлерін ұсынды.

Осы ретте, аталған білім ошағының биология пәнінің мұғалімі Н.Усербаева «Биология пәнінде үштілділікті қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттырудағы әдіс-тәсілдер», физика пәнінің мұғалімі Г.Жолдасова «Оқушыларды үш тілді қолдану арқылы танымдық, тәжірибелік қабілеттерімен бірге ақпарат шексіздігіне көз жеткізу», информатика пәнінің мұғалімі Ж.Айткулова «Информатика пәнін үш тілде оқытудың тиімді әдіс тәсілдері» тақырыптарында баяндамаларын оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім қанатында қанаттары талмай ұстаздық етіп келе жатқан қатысушы-педагогтер жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктіріп оқытуда кездескен қиындықтарды талқылап, ұсыныс- пікірлерін айтып, кері байланыс жасады. Жалпы, аталған семинарға жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер қатары қатысып, тәжірибе алмасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close