Без рубрики

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АЯСЫНДА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Бүгінде жастар арасында қолына кітап алып оқитындар сиреп барады.

Есесіне қазір кітаптың орнын телефондағы түрлі қосымшалар басты. Осындайда оқушыларды кітапханаға баулудың жолын Сайрамдықтар тапты. Олар  “Үздіктер күні” атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырды. Онда кітапқа бейім жастардың  басы қосылды. Іс — шара соңы мерекелік бағдарламаға айналып, бағдарламаның қызықты өтуіне  орталық кітапхана қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары және тұрақты оқырмандар атсалысты. Оған қоса іс- шара барысында  «Кітаппен нұрлы жолымыз, оқуға құштар болыңыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, апта бойы атқарылған жұмыстарды қамтыған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өз кезегінде кітаптың қоғамдағы маңызын айқындап, оқырман мәдениетін қалыптастырудағы рөлін көрсетті.  Сондай-ақ, іс-шара барысында кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Үрзада Қарқынованы Сайрам ауданы әкімі М.Оразалиевтің құттықтау хатымен марапаттады. Өз кезегінде зейнетке шығуға дайындалып жүрген Үрзада Қарқынова ұжымдастырымен әкімшілік өкілдерінн ризашылығын білдірді. Одан өзге басқа да сала қызметкерлеріне бірқатар марапаттар табысталды. Атап айтқанда, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлованың атынан Құрмет грамотасы, аталған ұйымның Түркістан облыстық филиалы төрағасы Асылхан Темірханның Құттықтау хаты, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ерназаровтың және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекованың Алғыс хаттары иелеріне табысталды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары да бос қайтпады. Олар  «Алтын формуляр», «Үздік оқырман», «Үздік оқырман отбасы», «Үздік жетекші» сынды номинациялар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Осы тұста әлем бойынша кітапқа баулудың түрлі тәсілдері болғанын байқауға болады. Мысалы, америкалық Рон Хорнбакер 2001 жылы буккрисингты ойлап тапты. Ол саябақтарға үйшіктер жасап онда кітаптар салып кетіп отырған. Негізгі мақсаты кітап сүйер қауыммен кітап алмасу еді. Яғни сіз өз үйіңізде бар кітапты буккросингке апарып, орнына оқымаған кітабыңызды плып кетесіз. Бұл тәсіл біздің елге 2011 жылы жетіп, оқырмандар қызықты тәжірибе екен деп бағалап еді. Ал, Жапониялықтар балаларды мектепте үнсіз оқуға баулиды екен. Онда күнделікті 10-15 минут уақыт кітап оқуға беріледі. Кореялықтар қолға оқулық ұстағанды онша ұнатпайды. Сондықтан онда бәрі цифрлық форматта. Қазақстан әлі толығымен электронды кітапқа өте қойған жоқ. Десе де осы форматқа көштен қалмауға тырысып жатқаны анық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close