#Ауыл шаруашылығы

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

Бүгінгі күні Цифрландыру жүйесі әлемнің барлық елдерінде жоғары деңгейде дамығаны сөзсіз.
Бұл ретте, Еліміздің жаһандық цифрлық экономикада алар орны да ерекше.

Осы тұрғыда Шымкент қаласындa «Ветеринария саласын цифрландыру» жобасы, соның ішінде салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйесі қолға алынбақ.

Салаға цифрлық технологияларды енгізу жүйесі басталып та кетті. Жобаның тиімділігі сол, бірінші кезекте тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы артады, кері байланыс реттеледі және қызметкерлердің жұмыс тиімділігі жүйеленеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда кезең-кезеңімен іске асырылып жатқан жобада алдағы уақытта:
— өтінім беруді автоматтандыру;
— ауыл шаруашылығы жануарларын цифрлық бiрдейлендiру;
— ветеринариялық кадрларды даярлау;
— тәжірбиеде қолдану;
— IТ саласының бағдарламашылары ойластырған жаңа логотипті енгізу сынды мәселелер көзделуде.

Бұл жоба іске қосылған жағдайда, қала тұрғындары үйден шықпай-ақ электронды өтінім беруіне, ресімдеу процесін жеңілдетуге, сондай-ақ ең бастысы уақытты үнемдеулеріне негіз болатыны анық.

Жоспарға сәйкес «Ветеринария саласын цифрландыру» жобасы ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу көзделуде. Алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close