Без рубрики
ДАСТАН СӘТБАЕВ «ЧЕЛСИДЕГІ» АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондондағы Chelsea F.C. клубының Кобхэмдегі жаттығу базасына қосылып, алғашқы жаттығуын бастады.

The Athletic басылымының мәліметінше, команданың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшыны негізгі құрамның маусым алдындағы дайындық кезеңіне қатыстыруды жоспарлап отыр. Дереккөз ақпаратына сәйкес, жас шабуылшыға өзін көрсету үшін мүмкіндік берілмек.
Сондай-ақ Дастан Сәтбаевтың Chelsea F.C. сапындағы ресми таныстырылымы 12 тамызда өтеді. Дәл осы күні футболшы 18 жасқа толады.
Қазақ жанкүйерлері талантты шабуылшының Еуропадағы мансабына үлкен үміт артып отыр.



