Без рубрики

МЕКСИКАЛЫҚ ЖАНКҮЙЕРЛЕР ДИМАШҚА 4,5 МЕТРЛІК МҮСІН АРНАДЫ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концерттік туры қарсаңында Мексикадағы жанкүйерлері ерекше шығармашылық жобаны жүзеге асырды.

Мексикалық Dears қауымдастығының мүшелері сүйікті өнерпаздарына арнап биіктігі 4,5 метр болатын алып мүсін жасады. Ерекше туындыны әуе шарларынан көркем мүсіндер жасайтын суретші Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының қатысушыларымен бірлесіп дайындаған.

Жоба авторлары бұл жұмысты Димаштың әлемдік сахнадағы жетістіктеріне құрмет және әншінің өнеріне деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде жасаған.

Алып мүсін Мексикадағы Димаш жанкүйерлерінің шығармашылығы мен қазақстандық әншіге деген ерекше ықыласын тағы бір мәрте көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close