Без рубрики

ПРЕЗИДЕНТ «СИРИУС – РОЗА ХУТОР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресейдің «Сириус» федералдық аумағында өтіп жатқан балалар мен жастарға арналған «Сириус – Роза Хутор» халықаралық өнер фестивалі аясында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының шығармашылық бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Театр ұжымы сахнаға шығар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фестивальге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жолдаған құттықтау хаты оқылды.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында фестивальдің Ресей мен достас мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын маңызды гуманитарлық алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ өнер мерекесінің жетекші шығармашылық ұжымдар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас таланттарды біріктіретін бірегей жоба екеніне назар аударды.

Президенттің құттықтауында фестиваль мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, елдер арасындағы достық пен жан-жақты әріптестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететініне сенім білдірілген.

Фестиваль аясында «Астана Опера» театры «Сириус» концерт орталығының бас сахнасында француз балетмейстері Ролан Петидің хореографиясымен қойылған Лео Делибтің «Коппелия» балетін ұсынды. Қойылымға дирижер Руслан Баймурзин жетекшілік етсе, басты партияларды театрдың жетекші солистері Әйгерім Бекетаева, Арман Оразов және Олжас Тарланов орындады.

«Астана Операның» фестивальдегі шығармашылық бағдарламасы 16 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде көрермендерге классикалық және заманауи балет қойылымдарымен қатар, театр әртістері мен HasSak этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен ұлттық өнерді дәріптейтін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close