Без рубрики

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы маңызды бағыттардың бірі.

Сайрам ауданында бұл мәселелер кешенді түрде қолға алынып, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары және қоғам өкілдері бірлесіп  жұмыстар атқарып келеді.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары негізінде қабылданған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мен «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, олардың психологиялық саулығын нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақтың үйлесімді дамуына қолайлы орта қалыптастыру.

Мамандардың пікірінше, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістердің көпшілігі психологиялық ахуалмен тығыз байланысты. Отбасындағы түсініспеушілік, ата-ананың назар тапшылығы, құрдастар арасындағы қысым, әлеуметтік желілердің ықпалы мен эмоционалдық күйзеліс баланың психикасына әсер етіп, түрлі келеңсіз жағдайларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан құқықтық тәрбиемен қатар психологиялық қолдау көрсету де ерекше маңызға ие.

Осыған байланысты ата-аналардың білім беру ұйымдарымен, мектеп психологтарымен және тиісті мемлекеттік мекемелермен тұрақты байланыста болуы маңызды. Сайрам ауданында «Отбасын қолдау орталығы», FSM Social жедел желісі, «Қоғамдық келісім» мекемесі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция бөлімшелері мен прокуратураның мобильді топтары бірлесіп жүйелі жұмыстар атқаруда. Бұл құрылымдар балалар мен ата-аналарға құқықтық және психологиялық кеңес беріп, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді.

Психологтардың айтуынша, бала өзін қауіпсіз әрі бағалы сезінетін ортада ғана толыққанды дамиды. Сондықтан ата-ананың баламен ашық сөйлесуі, оның көңіл күйіне назар аударуы, жетістігін бағалап, мәселесін бірге шешуге ұмтылуы психологиялық тұрақтылықтың негізгі кепілі саналады. Баланың бойындағы мазасыздық, тұйықтық, ашушаңдық немесе оқу үлгерімінің төмендеуі дер кезінде назар аударуды қажет ететін маңызды белгілердің бірі.

Сайрам ауданында балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында профилактикалық жұмыстарға, психологиялық қолдауға және бейнебақылау жүйелерін кеңейтуге басымдық берілуде. Өйткені қазіргі таңда баланың қауіпсіздігі тек құқықтық немесе техникалық бақылаумен ғана емес, оның психологиялық саулығын қамтамасыз етумен де тығыз байланысты

Отбасы, мектеп, психолог және құқық қорғау органдарының өзара үйлесімді түрде жұмыс жасауы ғана баланың жан-жақты дамуына оң ықпалын бермек. Сондай-ақ  олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік береді.  Сондықтан психологиялық қолдау мен сапалы тәрбие – қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close