Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ БЕНЗИН ЭКСПОРТТАУЫ МҮМКІН: ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қазақстан Ресей тарапынан ресми сұраныс түскен жағдайда бензин жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Бұл туралы Энергетика министрлігі Reuters агенттігі таратқан ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Министрлік хабарлауынша, Ресей Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш келіп түссе, Қазақстан жанар-жағармай материалдарын өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде экспорттау мәселесін қарастыруы ықтимал.

Сонымен қатар ведомство елдің ішкі нарығын тұрақты әрі толық көлемде қамтамасыз ету басты басымдық болып қала беретінін ерекше атап өтті. Министрлік өкілдерінің сөзінше, экспорттық жеткізілімдер тек Қазақстан азаматтары мен экономикасының қажеттіліктеріне қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Энергетика министрлігі қазіргі таңда ішкі нарықтағы жағдай бақылауда екенін және жанар-жағармай қорлары жеткілікті деңгейде сақталып отырғанын мәлімдеді. Ведомство мұндай мәселелер бойынша шешім қабылдауда ең алдымен ел ішіндегі тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздік ескерілетінін атап өтті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close