Без рубрики

ҰЛТТЫҚ БАНК: ЕҢ КӨП ҚОЛДАН ЖАСАЛАТЫН АҚША – 2 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК КУПЮРА

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылдың алғашқы алты айында ел аумағында 57 жалған ақша белгісі анықталғанын мәлімдеді. Олардың жалпы сомасы 259 мың 400 теңгені құрайды.

Ұлттық банктің дерегінше, анықталған жалған ақшалардың 49-ы банкнота, ал 8-і монета болған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,4 пайызға төмен. Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде 96 жалған ақша белгісі тіркелген.

Статистикаға сәйкес, биыл ең көп қолдан жасалған ақша – 2 мың теңгелік банкнота. Жарты жыл ішінде мұндай 22 жалған купюра анықталған. Бұл барлық тіркелген жалған ақша белгілерінің 38,6 пайызын құрайды.

Сонымен қатар 10 мың теңгелік банкнотаның 16 жалған данасы, ал 5 мың теңгелік купюраның 11 қолдан жасалған нұсқасы анықталған. Қалған 14 пайызы жалған монеталарға тиесілі.

Ұлттық банк азаматтарды қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде банкноталардың қорғаныш элементтеріне назар аударуға шақырады. Күмәнді ақша белгілері анықталған жағдайда оларды айналымға жібермей, құқық қорғау органдарына немесе банкке хабарлау қажет.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close