Без рубрики

САЙРАМДЫҚ САДАҚШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Түркістан облысы спортшылары жан –жақты дамыған. Соның ішінде спортқа көп көңіл бөлетін аудандардың бірі, әрі бірегейі Сайрам.

Осы уақытқа дейін үздіксіз турнирлер өткізіп келген Сайрамдықтар бұл жолы өз спортшыларын жарысқа  Орал қаласында аттандырып, олардың мойнына үлкен жауапгершілікті арқалатып жіберді.  Енді ғана оңы мен солын танып келе жатқан жас жеткіншектер өздеріне артылған жүкті сезінген болу керек, облыстың да, ауданның да намысын қолдан бермей  дәстүрлі садақ атудан жеңімпаз атанып қайтты.

Ұлттық спорттың дамуына серпін беретін маңызды додаға еліміздің 18 өңірінен келген 374 спортшы қатысып, мерген екендерін дәлелдеуге тырысып бақты. Жарыста жас мергендер ұлттық спорттың түрлі бағыттары бойынша бақ сынасып, өздерінің шеберлігі мен дайындығын көрсетті.

Дәстүрлі садақ ату – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан жауынгерлік өнері. Мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Бүгінде бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып, жас буын арасында кеңінен танымал бола бастады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, спортшылардың мергендік қабілетін, төзімділігін, сабырлылығы мен шапшаңдығын қалыптастыратын спорт түріне қызығушылар қатары жыл сайын артып келеді.

Чемптонатқа қатысушылар Орта Азия, пута, қалқан және жамбы нысаналары бойынша сынға түсті. Әрбір кезеңде спортшылар дәлдік пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетуге тырысты. Бұл ойынды бұрынғысынан да қызықты ете түсті. Жарыстың әрбір сәтінде көрермендер ойыншыларға қолдау білдіріп қызығушылығын арттырып, ұлттық спорттың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар дәл осы спорт түріне болашақта  сұраныстың көп боларын білдіргендей. Расында балаңыз қолына садақ алып жатса ата дәстүін жалғастырды деген мақтаныш кеудені кернейді емес пе?

Аталған чемпионатта Сайрам ауданының намысын қорғаған «Сайрам ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары. Олар  жоғары нәтиже көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты. Жас мергендер қарсыластарынан озып, жүлделі орындарға ие болып, өздерінің тынымсыз жаттығуының нәтижесін көрспетіп қана қоймай, бапкерлерінің де еңбегін ақтады.

Тұрарбек Нұрсұлтан  жамбы нысанасы бойынша 12–13 жас санатында өнер көрсетіп 1-орынды жеңіп алды. Дәл осы нысанда Тұрдаметов Ибраһим – ІІ орын иеленді.

Сайрам ауданында ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары ауданда көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және дәстүрлі садақ ату секілді ұлттық спорт түрлерімен айналысатын жастардың саны артып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға мүмкіндік беруде.

Дәстүрлі садақ ату спорты жастарды тек жарысқа дайындап қана қоймай, олардың мінез-құлқын қалыптастырып, жауапкершілікке, тәртіпке және мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейді. Сондықтан мұндай жарыстар жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі болып саналады. Ел чемпионатында жеңіске жеткен сайрамдық мергендердің жетістігі аудан жастарына үлгі болып, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыра түсері анық.

Спортшылардың нәтижесі аудан спортының дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай нәтижелер жаңа жеңістерге жол ашып, болашақта халықаралық деңгейдегі жарыстарда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге негіз қалайды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close