Без рубрики

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ АСТАНА–ДУБАЙ РЕЙСІ КЕРІ ҚАЙТТЫ

Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы бірқатар рейстердің кестесіне өзгеріс енгізді.

Компанияның мәліметінше, KC205 Астана–Дубай рейсі бүгін таңғы 07:10-да елордадан ұшып шыққан. Алайда әуе кемесі әуеге көтерілгеннен кейін қауіпсіздік мақсатында Астана әуежайына қайта оралған.

Air Astana жолаушыларға сатып алынған әуе билеттерінің толық құны билет рәсімделген орын арқылы қайтарылатынын хабарлады.

Әуе компаниясы жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ұсынып, кестедегі өзгерістер туралы ресми ақпаратты тұрақты түрде бақылауға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close