Без рубрики
ТИМУР ТУРЛОВ «ТРАНСТЕЛЕКОМДЫҢ» БАҚЫЛАУ ПАКЕТІН САТЫП АЛДЫ
Тимур Турловқа тиесілі компаниялар «Транстелеком» АҚ-ның 75 пайыз акциясына иелік ететін Unit Telecom жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сатып алды.


Осы мәміленің нәтижесінде Транстелеком кәсіпкердің бақылауына өтті.
Бұған дейін компанияның бақылау пакеті Нұрәлі Әлиевке тиесілі болған. Кейін активтің иесі кәсіпкер Ғалымжан Есенов болған еді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл мәміле Қазақстанның телекоммуникация саласындағы ірі корпоративтік келісімдердің бірі саналады. «Транстелеком» еліміздегі байланыс және цифрлық инфрақұрылым нарығында маңызды орынға ие компаниялардың бірі болып есептеледі.
Мәміленің қаржылық шарттары мен сатып алу құны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ компанияның алдағы даму стратегиясына қатысты ресми мәлімет әзірге берілген жоқ.