Без рубрики

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қалалық маслихат депутаты Талғат Балтабаев онлайн түрде Қоғамдық қабылдау өткізді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Конституция күніне орай ұйымдастырылған «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ» атты азаматтардың қоғамдық қабылдауында біршама мәселе түйіні тарқатылды.

Қоғамдық қабылдауда «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы, партияның «Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» Қоғамдық кеңесінің төрағасы Есенбек Серкебаев та болды.

Онлайн қабылдауда тұрғындардың көкейінде көлкіген мәселелері тыңдалды. Бірқатар мәселелер бақылауға алынып, бірқатары сол заматта-ақ оң шешімін тапты.
Өтініш білдірген азаматтардың барлығының сұрақтарына заң аясында түсінік берілді. Және айтылған шағымдарының шешілу жолдары түсіндірілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close