Без рубрики

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ФОСФОР ЗАУЫТЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫСТАН ЖҰМЫСШЫ АУЫР ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Жамбыл облысындағы «Жаңа Жамбыл фосфор зауытында» болған өндірістік оқиға салдарынан 26 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды. Зардап шеккен азаматтың айтуынша, ол оқиғадан кейін екі ай өтсе де, тиісті өтемақысын ала алмай жүргенін мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға цехтағы пештің жарылуы кезінде болған. Жарылыс салдарынан металл құбыр ұшып барып жұмысшыға тиіп, ол беті мен басынан ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Алайда оның айтуынша, еңбекке жарамсыз болып қалғанына қарамастан, осы уақытқа дейін өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты өтемақы төленбеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті органдар өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен жұмысшының құқықтарының қорғалуына қатысты тексеру жүргізуде.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close