Без рубрики

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы маңызын атап өтіп, халыққа адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекетшіл болуы керек» деген сөзін негізге ала отырып, ел сенімін ақтау әрбір қызметкердің басты міндеті екенін айтты.

Нұралхан Көшеров өз сөзінде биыл Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 8 жыл толғанын атап өтіп, осы уақыт аралығында өңірдің қарқынды дамуына мемлекеттік қызметшілердің қосқан үлесі зор екенін жеткізді. Оның айтуынша, соңғы жылдары облыста 134 денсаулық сақтау нысаны, 443 спорт нысаны және 185 мектеп бой көтерген. Сонымен қатар халықаралық талаптарға сай спорт, мәдениет және туризм нысандары салынып, бүгінде бұл кешендерде әлемдік деңгейдегі жарыстар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Облыс әкімі үздік қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградаларды, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыстады. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов те өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген азаматтарды марапаттады.

Іс-шара барысында Түркістан облысының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мерекелік кештің сәнін келтірді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close