Білім

Білімді ұрпақ ел келешегі

Инемен құдық қазғандай білім жолында талмай іздену адам баласының табиғатына тəн. Қай заманда болмасын адамзат өркениет шыңдарына ақыл-парасаттың, білімнің күшімен жеткен. Сол биікке жету жолында адам табиғатындағы беймəлім дүниені танысам деген түйсік қозғаушы күш болған.
Жаратылыстану математикалық бағытта өткен “Жас Қанат” жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде Б.Нұрлыбеков атындағы мектептен екі білім алушысы облыстық кезеңде жүлдегер атанып , республикалық кезеңге жолдама алды. Олар 8 сынып білім алушылары: биология пәні бойынша Абсадық Жанна, пән мұғалімі Куленова Айжан Ордашевна, математика пәні бойынша Умирзак Оңласын пән мұғалімі Исаева Закура Амирхановна пәндік олимпиадасының республикалық кезеңінде математика пәнінен қатысып 3 орынды 8 сынып оқушысы Умирзак Оңласын иеленді. Пәндік олимпиаданың жеңімпазын дайындап, мектебінің, ауданның, облыстың абыройын көтеріп отырған ұстазбен шәкіртке үлкен рахмет! “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” дейді қазақта, алған білімін қажетті жерде қолданып шәкірттері топты жарып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close