ЖАСТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Түркістан облысы Сайрам ауданы аймақ тұрғындарын дамыту үшін түрлі саладағы жиындарды өткізіп тұрады.

Инвестиция, жасанды интеллект, цифрландыру сияқты бағыттағы тағлымы мол бағыттарды дамытып қана қоймай, оларды келешек ұрпақтың бойына сіңіру үшін де көп еңбек етуде. Осындай бастаманың бірі Қарабұлақ ауылында өтті. Онда жастарға арналған маңызды әрі мазмұнды форум ұйымдастырылды.
Бұл форум «Өскелең ұрпаққа қамқор болу – әлеуметтік міндет» деген ортақ ұстанымды тағы бір мәрте нақтылап, қоғам үшін ең қымбат құндылық – жас ұрпақтың қауіпсіздігі, саналы тәрбиесі мен жарқын болашағы екенін айқын көрсетті.
Жастар – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан олардың амандығы, тәрбиесі, білімі мен жан-жақты дамуы – тек мемлекеттік мекемелердің немесе білім беру ұйымдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені анық. Әрбір жасқа дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың құқықтарын қорғау ата- ананың ғана міндеті болып қалмау керек. Сол себепті қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамыздың азаматтық парызымы деп қараған дұрыс.
Форум барысында жастардың болашағы мен тәрбиесі бағытында өзекті өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып, өздерінің нақты ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жағы көірек тілге тиек етілді. интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг, зиянды әдеттерден аулақ жүру де айтылды. Есірткіге қарсы күрес, отбасылық тәрбие және психологиялық қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жалпы жастарға өз уақытын тиімді пайдалану қажеттілігі түсіндірілді.
Соңғы кездері Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін мелекеттік деңгейде жиі көтереді. Осы бағытта берілген тапсырмалар негізінде елімізде балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Бұл бастамалардың барлығы жас ұрпақтың алаңсыз өсіп-жетілуіне жасалған батыл қадамдар.
Дегенмен, қоғамда орын алып жатқан түрлі келеңсіз жағдайлар бізді бейжай қалдырмауы тиіс. Мәселен қазір жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліксынды тақырыптарда жастармен тідесуге қымсынбау керек. Өйткені өскелең ұрпақ өзін қай жерде немесе қай кезде қорғау керектігін біле жүрген абзал. Буллинг, интернеттегі алаяқтық, түрлі теріс ағымдардың ықпалыда жастардың санасын улап жатқаны анық. Мұндайда бірлесе атқарылыған жұмыс қана нәтиже бермек. Ал, бірігу деген ата- ана мен ұстаздан ғана тұрмайды. Бұл жерде білім саласы мамандары мен қатар денсаулық сақтау ұйымының өкілі, үкіметтік емес ұйымдардың және құзырлы органдардың мамандар ата- анамен бірігуі қажет. Сонда ғана үйіңізде үкілеп өсіріп отырған балаңыз қауіпсіздікте болмақ.
Форумда сөз алған мамандар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызын ерекше атап өтті. Себебі спортпен шұғылданатын, шығармашылықпен айналысатын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын жастардың өмірге деген көзқарасы да өзгеше болады екен. Олар өз уақытын пайдалы іске жұмсап, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылады. Осы тұрғыда ауданымызда түрлі спорт секцияларының, шығармашылық үйірмелердің, жастар орталықтарының жұмысын жандандырудың маңызы зор деді олар.
Сонымен қатар форумда жастардың психологиялық саулығы да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда жастар күйзеліс, жалғыздық сезімін жиі бастан кезеді. Бұл үнемі гаджеттерде отырудың әсері болуы әбден мүмкін. Сондықтан мектеп психологтарының жұмысын күшейту, сенім телефондары мен кеңес беру қызметтерін дамыту жағын қамтамасыз ету қажет. Жастарға психологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру да өзекті мәселе. Сондықтан мұндай форумдадың қоғам үшін пайдасы мол.



