Білім

АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Г.Тұрсынқызының ұйымдастыруымен аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасынан құрылған ассоциациялық топ мүшелерінің отырысы өтті.

Онда білім стандарты мен оқу бағдарламаларына сай білім беруді жүзеге асырудағы қиындықтар, одан шығу жолдары бойынша қазіргі карантиндік шектеу шаралары кезінде білім беру мен оқыту процесі мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы сөз болды. Сонымен қатар, аудан көлемінде іс –тәжірибесі көпке үлгі боларлық Ә.Молдағұлова атындағы білім ордасының мұғалімі Сайера Джусупованың «Графикалық диктанттың тиімділігі» тақырыбындағы жұмысы тыңдалды.

«Бастауыш сыныптарда мнемониканы пайдалану арқылы коммуникативтік дағдыларды жетілдіру әдістері» атты әдістемелік нұсқаулығын жинақтау қорытындысымен Д.Қонаев білім ордасының педагогы Б.Маханова таныстырды.

Әдіскер Г.Молжігіт «Оқушылардың оқуға құштарлығын арттыру» жобасымен таныстырып, жобаны іске асыру барысында аудан көлемінде, білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close