Білім

БІЛІМДІ ЖАСТАР СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде география пәнінен өткен Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері зияткер оқушы Тазабек Еркебұланды жүлдесімен құттықтау рәсімі өтті.

Құттықтау рәсіміне Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының «Дарын» орталығының директоры Раушан Омарханқызы Джеренова, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Кайырбек Сабитұлы Буксукбаев және зияткер оқушы Еркебұланның ата-анасы қатысты.

Жиында алғы сөз алған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы еліміздің келешегі дарынды жастардың қолында екендігін сөз етіп, зияткер оқушымыз Еркебұланға өз жылы лебізін айтып жетістігімен құттықтады. Қалалық білім басқармасының атынан Еркебұланның ата-анасына алғыс хат және зияткер оқушымызға арнайы грамота мен смарт сағаты және кітап сыйға тарту етілді. Әр шәкірттің артында қашан да білікті де білімді ұстаз тұрады, демекші Еркебұланның жетекшісі ХББ NIS-тің география пәні мұғалімі Ақбопе Жаманқұлқызы да құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Кайырбек Сабитұлы Буксукбаев мырзаның атынан Еркебұланның ата-анасына арнайы алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, география пәнінен Халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың жетекшілігімен өткізіліп келеді. Алғашқы зияткерлік жарыс Гаагада ұйымдастырылса, биыл олимпиада астанасы Ыстамбұл атанып, қашықтан өткізілді. Жеңіс үшін әлемнің 46 елінен 200 оқушы бақ сынасып, оның екеуі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына бұйырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close