Білім

«БІЗ БОЛАШАҚҚА ЖАУАПТЫМЫЗ» АПТАЛЫҒЫ

Ордабасы ауданы бойынша 60-тан аса білім ошағы болса, соның бірі — Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектеп. Мұндағы ұстаздар қауымы білімді де білікті мамандар. Шәкірттердің бойына біліммен қоса тағылымды тәрбие сіңіріп келеді. Содан болар мектептің оқушылары оқуда белсенді, еңбекке бейімді.

Ордабасы ауданы, Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектепте қашықтықтан экологиялық апталық өтті.

Тақырыбы: «Біз болашаққа жауаптымыз».
Экологиялық білім беру апталығының мақсаты:
— адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру;
— экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
— өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Іс-шараның міндеттері – табиғи ресурстарға қатысты экологиялық сананы, атап айтқанда:
— суға ұқыпты қарауға;
— ауаны ластамауға;
— жерді ластаудан қорғауға тәрбиелеу.

Мектеп оқушылары арасындағы апталық жоспарына сәйкес «Табиғатта қалдық затқа орын жоқ» тақырыбында керексіз заттардан бұйымдар жасау байқауы,  «Менің сүйікті табиғат бұрышым» тақырыбында фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close