Білім

ДЕБАТ: «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ»

Түркістан облысы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Аудандық кезеңге әр аймақтан 10 пікірсайысшы (4 қазақ фракциясы, 2 орыс фракциясы, 4 ағылшын фракциясы) қатысты.

Бұл дебаттық турнирдің ерекшелігі оқушылар алғаш рет ағылшын тілінде пікір таластырды. Тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылардың пікірталасына Бас төрешілік еткен Түркістан облысы бойынша пікірсайысшылар орталығының бас төрешісі Қази Ықылас Асқарбайұлы мен Мақтааралдық төреші Қожахмет Бегалы Қонысбекұлы болды.

ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚ ЛИГАСЫ БОЙЫНША :

І-ОРЫН «Меральда» фракциясы — Әбдрахман Жұлдыз /Ө.Тұрманжанов ат.жом/ және Сихым Сая /Б.Кенжебаев ат.жом/.
ІІ-ОРЫН «Жалын» фракциясы – Әліпбек Ақбота /І.Есенберлин ат.жом/ және Кенжебай Назым /Тәукехан ат.жом/.
ІІІ-ОРЫН «Ғибрат» фракциясы – Абдурашидова Мехринисо /Атамекен жом/ және Жаппархан Шыңғысхан /Б.Нұрлыбеков ат.жом/

ОРЫС ЛИГАСЫ БОЙЫНША:

І-ОРЫН «Прометей» фракциясы – Ахмеджан Сания мен Абдуллаева Мунис /Амангелді ат.жом/
ІІ-ОРЫН «Юный гений» фракциясы Жұмаш Нұрай /Б.Оңтаев ат.жом./ және Інкаш Назерке /З.Исабеков ат.жом/
ІІІ-ОРЫН «Жас қыран» фракциясы – Анафия Арина /М.Х.Дулати ат.жом/ және Анас Аяжан /Абай ат.жом/

АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ БОЙЫНША:

І ОРЫН «Аламан» фракциясы – Темірбек Жақия мен Дүйсенбек Дінмұхаммед /Ш.Уалиханов ат.мектеп гимназиясы/
ІІ-ОРЫН «Еңбекқорлар» фракциясы – Тұрғанбек Әсем мен Лесбекқызы Әсем /Д.Қонаев ат.жом/
ІІІ-ОРЫН « Брейф» фракциясы — Анас Ақнұр /Абай ат.жом/ мен Сейілхан Мерей /Қажымұқан ат.жом/. «Үздік спикер» номинациясымен З.Исабеков ат.жом. Қашқын Жанерке /ағылшын т/, «Атамекен» жом. Абдурашидова Мехринисо /қазақ т/, «Қарақұм» жом. Орал Аяжан /орыс т/ марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close