Білім

«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Шымкент қаласы «Дарын орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты мерекелік іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында, «Интеллектуалды ойындар» жобасы шеңберінде мамандандырылған мектеп оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысып,өз білімдерін сынады.

Сайысқа қатысушылар :
1.М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының 10-сынып Қарабек Рабат Асылбекұлы
2. №90 ДБАММГ, 11-сынып оқушысы Жұмадулла Нұрқанат
3.Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Асқарова Дильназ Ғалымжанқызы
4. №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Сәрсенбек Керемет
5. «Білім инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Имамай Ерзат
6. «Білім инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қасымжан Нұрай Бақытқызы

Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша өз алғырлығымен көзге түскен, «Білім инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Имамай Ерзат жеңімпаз атанды.
Сайысқа қатысушылар Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызының арнайы диломдарымен марапаттады.
Білімге ұмтылған жас талаптың өресі биік, жолы ашық болсын дейміз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close