Білім

ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ БЕРІК САБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұловтың туғанына-129 жыл толуына орай, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін», «Сабыр Рахымов» медальдарінің иегері, облыстық, республикалық, халықаралық көрмелердің қатысушы, жүлдегері, суретші-кескіндемеші Берік Асылбекұлы Сабаевпен кездесу ұйымдастырылды.

Оқушылар кездесу барысында сурет өнерінің қыр-сыры жайлы есітіп, Берік Асылбекұлының төл туындыларымен танысты. Суретшіге сұрақтар қойып, ән-жыр арнады. Кездесу соңында директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Әсемкүл Жүнісқызы алғыс білдіріп, мектебіміздің 30 жылдығына арнап жазылған Замира Дотақызының «Мектеп, біз сенің оқушыларыңбыз» кітабын сыйға тартты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close