Білім

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ОҚЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында: оқушылар, мұғалімдер және ата -аналарды кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, бір туар ақын жазушыларымыздың шығармаларынан тәлім- тәрбие алу, келер ұрпаққа насихаттау барысында аудандық педагогикалық -әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Молжігіт Гүлжаухар Тұрсынқызы мен Сейдуәлі Гүлмира Сабырәліқызы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты аудандық байқау ұйымдастырды.

Байқау аймақтық кезеңдерде өткізіліп, оза шыққан жүйріктер аудандық қорытынды кезеңге қатысты. Байқауға Білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Асылбекұлы Төлебаев, облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері Темірбаева Ақмарал Мейірбекқызы және Қасымбаева Бибігүл Шарапқызы және Республикалық «Ақылдым» журналының редакторы Әзімбек Қойлыбай қазылық жасады. Оқушылар және мұғалімдермен қатар ата –аналар да өте керемет өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, Абдраймова Айгүл («Төрткөлтөбе» жалпы орта мектебі), Серікбаев Атымтай (Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі), Әбдіхалықовтар отбасы (Аманкелді атындағы жалпы орта мектебі), Телғозиевтар отбасы (М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі).

Мұғалімдер арасынан Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Тасболат Алтынай мен Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ербосынова Үрзия ұлы Абай ақын шығармаларын оқығанда жан тебіреніп, бой шымырлады.
Оқушылар арасында Қойшыбай Ырысай («Достық»жалпы орта мектебі), Әлзакова Акмарал (Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі), Төлеген Жолдас (Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі), Марат Балжан (Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі) өлеңдерді мәнерлеп оқудан үздіктер болды.

Байқау соңында «Мектепке кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылып, Білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Асылбекұлы Төлебаев, облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері Темірбаева Ақмарал Мейірбекқызы және Қасымбаева Бибігүл Шарапқызы және зейнеткер кітапханашы Әлсейтова Ырыскүл «Бәйтерек» мектебінің кітапханасына көркем әдебиеттерді сыйға тартты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close