Білім

ҰСТАЗДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» мен 5 қыркүйек қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл – татулық тірегі» атты онкүндік іс-шаралар жоспары аясында ғылыми әдістемелік кабинеттің бастамасымен тарих және география әдістеме бірлестігінің ұйытқы болуымен «Алаш зиялыларының көсемі» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Пернекүл Жақсылыққызы оқырмандар конференциясын ашып беріп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің профессоры, тарихшы Тұрсын Хазіретәлі Асқарұлы онлайн байланысқа шығып, оқушыларға Алаш зиялылары туралы әңгімелеп берді. Тарих пәнінің мұғалімі Руслан Есенбекұлы «Алаш зиялыларының еңбектері» деп аталатын құнды баяндамасын оқып, деректі фильм көрсетілді.Жиын соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close