Білім

«ЖАС МҰҒАЛІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕДІМ»

Менің бар өмірім «Қарақұм» жалпы орта мектебімен байланысты. Бұл мектепке келгенде 25 жаста екенмін. Екі жыл мектептің комсамол ұйымын басқарғанмын, содан екі жылдан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.  Сонымен қатар партия ұйымының хатшысы болдым. Селолық советке депудат болып сайландым. Бірнеше рет аудандық семинарлар өткіздім. Жас мұғалімдерді тәрбиеледім. Сонымен бірге өз пәнімнен де Қазақстан тарихы кабинетін жабдықтап аудандық семинарлар ұйымдастырдым.

Қазақстан тарихынан менің 11 сынып оқушыларым ҰБТ-дан мектеп бойынша үнемі ең жоғары балл жинайтын. Қашан да білім жағынан алда болатын.

1997 жылы маған «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және кейінгі жылдары «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. Бұл менің 43 жылғы үздіксіз еңбегімнің, білімімнің арқасы деп білемін.

Ұстаз болу мен үшін ең сүйікті, қымбат мамандық. Сонымен қатар ұстаздың білімін қадірлей білетін басшы болған жас директорларыма М.Тоқтыға, Р.Сманға, М.Омарбекке рахмет айтқым келеді. Бұлар кейінгі буынғы білімді, іскер басшылар.

Әтір Кенжебекқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close