Білім

«ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласының Білім басқармасының бастамасымен «Әдістемелік десант» топтары құрылды.

Әдістемелік десанттың мақсаты – педагогтерге оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдауға қажет консультациялық көмек көрсету болып табылады.

Ең алдымен топ мүшелері Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда педагогтерге әдістемелік құралдар мен нормативтік құқықтық актілер жиынтығын түсіндіру бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, білім беру ұйымына әдістемелік құралдар мен нормативтік құқықтық актілер жиынтығы таратылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close