Білім

«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖАМБЫЛ!» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

Алты Алаштың ақтаңгер ақыны, елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, ұрпағына ұлы мұра қалдыра кеткен ХХ ғасырдың Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Жүз жасаған абыздың айтулы мерейтойына орай Шымкент қаласы «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК Филологиялық пәндер циклінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары «Жүз жыл жырлаған Жамбыл!» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарды Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өлеңдері жатқа оқылды, ақынның шығармашылығынан бейнебаян көрсетіліп, «Жамбыл ата жайында не білеміз?» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар студенттер Жамбыл Жабаевқа арналған арнау өлеңдерін оқып, ән шырқады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close