Білім

«Қабілет» кәсіби бағдарлау жобасы жұмысын бастады

Шымкент қалалық «Дарын» орталығының жанынан ашылған Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында мектеп оқушыларының кәсіптік өзін-өзі анықтауы мен тұлғаның зияткерлік қабілеттерін зерттеу мақсатында «Қабілет» кәсіби бағдарлау жобасы жұмысын бастамас бұрын, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласындағы Елбасы академиясына оқуға аттанды.
«Қабілет» кәсіби бағдарлау жобасының міндеті – оқушылардың әлеуметтік жетілуін қамтамасыз ету, шығармашылық жағынан өзін-өзі дамыту үшін кәсіби маңызды қызмет салаларын меңгеруге жоба қатысушыларын ынталандыру.

«Қабілет» жобасы арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы негізінде 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудан бастау алады.
Шымкент қаласының Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызының ұйымдастыруымен «Қабілет» бөлімінің басшысы, әдіскер және психолог мамандар бірлескен ұжым Елбасы Академиясындағы алғашқы оқу курсын бастады.

Елбасы Академиясының директоры Жангозин Әнуар Қанатұлы курсқа қатысушыларға жобаның мақсатын таныстырып, құттықтау сөздерін арнады. «Қабілет» жобасының ұйымдастырушысы Жүсіпова Гүлім Асхатқызы өте құнды мәліметтермен бөлісіп, жоғарғы дәрежедегі тәжірибелік сабақты ұйымдастыра білді.
Елбасы Академиясына Қазақстанның дарынды балаларына арналған жобаны ұсына білгендігі үшін алғысымызды білдіреміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close