#Құрылыс

АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ “NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласы Сайрам елді мекенінің орталығында орналасқан Шымкент аграрлық- техникалық колледжінде жаңа оқу ғимаратының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.


1958 жылы салынған 2017 жылдан бері апатты деп саналған оқу корпусының құрылыс жұмыстары биыл 2021 жылдың мамыр айында, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен басталған болатын. 3 этаждан тұратын құрылыс объектінің жалпы көлемі 4931,63 ш.м құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Ер-гарант-строй» ЖШС қадағалап, «Авторемстрой ЛТД» ЖШС жұмыс жасауда. Қазіргі таңда құрылыс объектісінің подвал бөлігі бітіп, бірінші қабатының қыштары қалануда.


Жаңа оқу корпусында оқу кабинеттерінен бөлек арнайы асхана, типтік үлгідегі шеберханалар, заманауи спорт зал орналасатын болады.
Бой көтеріп жатқан жаңа нысан құрылысы келесі жаңа оқу жылына аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close