Білім

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІҢ КІТАПХАНА ҚОРЫ ТОЛУДА

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуға насихаттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін қала мектептерінде көптеген жұмыс атқарылуда.

Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы 2021-2025 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары жасалынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазіргі таңда алғаш рет әлемдік деңгейдегі бестселлердің қазақ тілінде аударылған нұсқалары қаладағы мектеп кітапханалары қорын толықтырды.

Ұстаздар қауымы балаларға осындай керемет сыйлық жасаған Білім және Ғылым министрлігіне, Шымкент қалалық білім басқармасына алғыс айтады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close