Білім

ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дамуына қажетті негізгі құралдардың бірі оқу сауаттылығы болып табылады. Бүгінгі таңда педагогтердің алдында оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалау міндеті қойылып отыр.
Аталған міндеттерді орындау мақсатында Әдістемелік орталық Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ә.Навои атындағы № 11 ЖОББМ базасында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту, тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін тереңірек меңгерту үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мәтінмен жұмыс: түрлендіру және оқу мақсатына негіздеу» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинарға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (59 мұғалім) белсене қатысып, тапсырмаларды орындады.
«Мәтінмен жұмыс:түрлендіру және оқу мақсатына негіздеу» тақырыбындағы оқыту семинары барысында орталықтың әдіскері Ж.Арысбаева мен «ULAGAT» педагогикалық қауымдастығының тәжірибелі мүшелері, пән мұғалімдері Күмісбекова К., Б.Салыбекова мәтінді түрлендіру үшін сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сабақтың тақырыбына сай нақты міндет қою аясында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту семинары соңында қатысушылар білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту, мәтінді түсініп оқу секілді жұмыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close