Білім

«ҮЗДІК ОҚЫРМАН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Темірлан» жалпы орта мектебінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында «Үздік оқырман» байқауы өтті.

Мақсат — қазақтың ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, насихаттау, көркем әдебиетке деген ықыласын арттыру, оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып білу.

Байқау қорытындысы бойынша жылдың үздік оқырманы болып «Қарақұм» жалпы орта мектебінің 9- сынып оқушысы Еламан Анарғали және «Достық» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Жақсылық Айзере «Үздік оқырман» төсбелгісіне ие болды. Сайысқа қатысқан оқушылар мадақтама, Алғыс хаттармен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close