Білім

ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНДЫ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Аққу» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдістерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар үш кезеңді қамтыды. Екінші тәжірибелік кезеңде 10 ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. «Айгөлек» ортаңғы тобы «Үкі апайдың мектебі» атты оқу қызметінде «Кубизм» әдісі, «Миға шабуыл» сияқты әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. «Балдырған» ортаңғы тобы «Күлгін орманның кереметтері» атты оқу қызметінде қолданған әдіс-тәсілдері Воскобович танымдық ойындарын, «Балапан» ересектер тобы «Болашақ студиясындағы жас кәсіпкерлер» атты оқу қызметінде «Лулия» шеңбері, «АКТ» элементтері, «Еркін микрофон» әдісін қолданды. «Қызғалдақ» ересектер тобы «Су асты тіршілігі» оқу қызметінде «Ойланатын алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Галерея», «Кубизм» әдістерін қолданды. «Наурыз» ересектер тобы «Супер маркетке саяхат» қолданылған әдіс-тәсілдері «Квест» ойыны. «Солнышко» ересектер тобы «Су өмір нәрі» қолданылған әдіс тәсілдері «Миға шабуыл», «Зерттеу»,  » Гүлдер» МАД тобы «Көктем сәні» оқу қызметінде «Пазыл», «Венн диаграмасы», «Кубизм» әдістерін, «Балбөбек» МАД тобы «Балапанмен шыңға шық» атты оқу қызметінде «Зайцев» кестесі, «Мозайка», «Карусел» әдістерін қолданды. «Светлячок» МАД тобы оқу қызметі «Тайнственный мир весов» қолданылған әдіс тәсілдер «Акт» элементтері, «Кино метафр», «Кластер» әдіс тәсілдерін қолданды. Денешынықтыру оқу қызметі «Көңілді олимпиада» спорттық интеллектуалдық сайысында «Ойын технологиясы» әдіс тәсілдерді қолданды.

«Аққу» балабақша меңгерушісі Ақсәуле Шойынбаева, әдіскері Райхан Бектұрғанова барлық педагогтарға алғысын жеткізді.

Ұжымның ынтымағы, шығармашылықтары арта берсін!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close