Білім

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ордабасы ауданы, Шұбар ауылындағы Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектепте ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қонақтар еліміздің жеткен жетістіктері, аудан көлемінде атқарылып жатқан оңды істер жайында әңгіме өрбітті. Бүгінде заманауи технологияның дамығаны соншалық білім-ғылым ізденуге мүмкіндік көп екенін айтты.

— Шұбар ауылындағы бұл мектептен небір дарын иелері қанат қаққанын білеміз.  Көптеген ғалымдар өмір есігін ашқан мекен. Қамардин Бектұрсынұлы сынды ақындар, Еркін Нұржанов, Ердос Қанаев, Асқар Жүнісбеков секілді әншілер туып өскен жер. Әлі де талай білімділер, өнер иелері қанат қағары сөзсіз. Сендердің араларыңнан да шықпасына кім кепіл?!  Талаптарыңа нұр жаусын!  — десті келгендер.

Оқушылар күмбірлете күй төгіп, отырғандардың көңілін бір көтеріп тастады. Мектеп басшылығы зиялы қауым өкілдеріне өз алғыстарын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close