#Денсаулық

30 ЖЫЛДАН БЕРІ ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ

Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі – дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар.

Шымкент қалалық №8 емханада қызмет ететін Елена Ханды білмейтін жандар кемде-кем. Әйел болса да, адам өміріне араша түсу кезіндегі кейбір қиын сәттерде ерлерден кем түскен жері жоқ. Ол жылына 6 мың балаға медициналық көмек көрсетеді. Ақ халатты абзал жан тұрғындарға да кеңес беруден жалықпайды.

Елена дәрігердің 30 жылдан бері медицина саласында еселі еңбек етіп келе жатқан қызметі елеусіз қалған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған. Бүгінде педиатр-дәрігер талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close