Білім

ОРДАБАСЫ ТАУЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі А.Балданбаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы тауына барып тарихи мекенді көздерімен көріп, танысып қайтты.

Бұл шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -30 жыл» толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат — «Өлкетану» бағыты бойынша Ордабасы ауданындағы тарихи орындарды жас ұрпаққа таныстыру, олардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болмақ.

Айтулы Ордабасы тауында елді жаудан азат ету жолында билер мен батырлардың басып қосылып құрылтай өткізгені тарихтан белгілі. «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығының экскурс мамандары Ордалы Ордабасының тауындағы құрылтайдан бастап, осы аймақта болған шайқастардан сыр шертті. Бабаларының ерен ерліктеріне сүйсінген оқушылар бойларындағы рухтарын оятқандай болды. Арнайы пән мұғалімі жыл сайын шәкірттерін осында экскурсияға әкелетінін және алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close