Білім

Дұрыс мамандық таңдауға жол көрсетті

Ордабасы ауданына қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар» Мамандық таңдау тақырыбында 9-10-11 сыныптар арасында танымдық семинар — тренинг өткізілген болатын. Семинар тренингтің мақсаты мен міндеті: Мектеп оқушыларының мақсат қоя білуі мен мамандық таңдауда дұрыс жол көрсетіп көмек беру. Мектеп оқушысының кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру, психологиялық ахуал қалыптастыру, ортаға бейімделуіне ықпал жасау

Тренинг барысыныда сұрақ — жауап қойылып оқушылар белсене атсалысып, сыйлықтар берілді. Бес ай ішінде ең көп кітап оқыған оқушылар сыйлыққа лайықты болды.

Сөз соңында мектептің тарих — география пәнінің мұғалімі Айдарбекова Гүлназат іс — шараның өтілгеніне шын жүректен «Игілік» қоғамының ұйымдастырушысы Қайрат Дәрібаевқа алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта болашақтағы іс — шаралар бағдарламаларына мектептің оқушыларын ұйымдастырып, қатыстыруға ат салысатынын айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close