Білім

ЧЕМПИОНДАР ОҚУШЫЛАРҒА ЖІГЕР БЕРДІ

Шымкенттегі Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің бастамасымен елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге ОҚО ересектер арасындағы бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен Олимпиаданың қола жүлдегері және Белградта өткен 2021 жылдың Әлем чемпионатының алтын алқа жүлдегері Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов қатысып, оқушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында мектептің дарынды оқушылары өнер көрсетті. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, биік белестерден көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close