Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ТЕҢСІЗДІК БАР МА?

Қос жыныс өкілдері арасында теңсіздіктің бар- жоқтығына қатысты қойылған сұраққа берілген жауаптардың жалпы көрінісі оның қазақстандықтар өмірінде белгілі бір дәрежеде бар екендігін білдіреді. Бірақ респонденттердің көпшілігі (37,1 %) «Жоқ, бізде барлығы тең» деген нұсқаны, 14,4 % «Иә, өте жоғары деңгейде» деген нұсқаны таңдады.

Респонденттердің бұл сұраққа берген жауаптарында аймақтық деңгейде айырмашылықтар бар екендігін айтуға болады. Бұл жайт қызметтің әр түрлі саласындағы еңбек бөлінісіне тән ерекшелік пен этномәдени факторлардың әсерін көрсетеді. Жауаптарды жас мөлшеріне қарай саралағанда барлық жас санаты бойынша «Жоқ, бізде барлығы тең» деген жауап үстем шықты. Орта білімді респонденттерге қарағанда жоғары білімділердің ішінде «Иә, бар, бірақ айқын емес» (30,7 %) және «Жоқ, бірақ кейде байқалып қалады» (19,7 %) деген нұсқаларды таңдағандардың үлесі жоғарырақ. Сауалнамаға қатысқан орта білімділердің арасында «Жоқ, бізде барлығы тең» деген жауапты таңдағандардың үлесі көп — 40 %. Гендерлік теңсіздіктің бар екендігін ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары көбірек айтады. Аталмыш сұраққа берілген жауаптарды саралау қазақстандықтардың гендерлік теңсіздіктің бар екендігін мойындамайтындығын көрсетеді. Ал бұл жайт гендерлік саясатты және гендерлік теңдік стратегиясын    жүзеге    асырудың    қажеттілігіне күмән тудырады. Бірақ гендерлік теңсіздіктің бар екендігін жоққа шығару оның қандай әлеуметтік факт екендігі мен қандай салдары бар екендігі туралы білімнің жоқтығымен байланысты болу керек деп болжам жасауға болады.

Егер бар болса, неден байқалады?

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі — 31,4 % теңсіздіктің басты көрсеткіші ретінде «Үй шаруасының бөлісін» таңдады. Олар көбінесе әйелдер атқаратын еңбектің бұл түріне ақы төленбейтіндігін әрі оның ауыр болып саналмайтындығын, сөйте тұра уақыт пен күш- қуатты талап ететіндігін мәлімдейді. Аймақтар деңгейінде сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі теңсіздік көрсеткіші ретінде осы «Үй шаруасының бөлісін» атап көрсетті. Екінші орынға «Балалар мен қарттарды бағып-қағу» деген нұсқа ие болды. Жас санаты бойынша барлық топтарда көпшілік тағы да осы екі нұсқаны – «Үй шаруасының бөлісі» және «Балалар мен қарттарды бағып-қағу» – таңдады. Жоғары білімді респонденттер арасында «Үй шаруасының бөлісін» атап көрсеткендер көп, өйткені әдетте адамның білім деңгейі оның үйден тыс қызметпен қаншалықты көп айналысатындығын көрсетеді. Көп этностыққа қарамастан отбасындағы гендерлік рөлдердің дәстүрлі түрде бөлінуі барлық әйелдерді қамтиды. Берілген жауаптардың тұрғылықты жерге қатысты бөлісіндегі айырмашылық барлық көрсеткіштер бойынша төмен деңгейде. Бұл дерек адамдардың өмір сүру салтындағы, қала мен ауыл арасындағы тұрмыс        формаларындағы        шекаралардың жойылғанын көрсетеді. Қазақстандықтар үшін гендерлік тұрғыдағы проблема ретінде атап көрсетілген тек үй шаруасы және балалар мен егде жастағы туыстарды бағып-қағу болды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында қарастырылмаған. Ал бұл жайт аталмыш бағдарламалық құжат Қазақстан ерлері мен әйелдерінің шынайы мұқтаждықтары мен проблемаларына жеткілікті көңіл бөлмейді деп жорамалдауға түрткі болады.

Егер жоқ болса, неге?

Бұл сұраққа жауап бергендердің көпшілігі — 26 % — «Бұл менің жеке ойым» деген жауапты таңдаса, респонденттердің 18,5 % бұл біздің салт- дәстүріміз; 18,4 % бұл жағдай біздің қоғамда тарих барысында қалыптасқан; 9,4 % бұл діни нұсқама деп санайды. Қазақстанда жыныстық белгі бойынша теңсіздік жоқ деп санайтын ерлер бұл ойды тарихи алғышарттар мен мәдени салт- дәстүрлермен түсіндіреді, ал әйелдердің көбі өздерінің жеке пікіріне сүйенеді. 18 — 30 жастағы топ «Біздің қоғамда тарих барысында қалыптасқан жайт» деген пікірді қолдайды — 22,7%. Сауалнамаға қатысушылардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын «Бұл менің жеке пікірім» деген жауапты соғұрлым жиірек таңдағанын айта кету керек. Барлық этникалық топтарда да «Бұл менің жеке ойым» деген жауап басым. Ал «Біздің қоғамда тарих барысында қалыптасқан жайт» деген жауап бойынша біраз айырмашылықтар бар: қазақтар — 17,6 %, орыстар — 18,7 %, басқа ұлт өкілдері — 21,7 %. Салт-дәстүрге қатысты жауапты көбінесе қазақтар таңдады — 19,6 %. Қала тұрғындарының арасында ең көп кезіккен жауап «Бұл менің жеке пікірім» болды. Қызықты бір дерек, діни нұсқамалардың әсері көп деп ойлайтындардың басым бөлігі қала тұрғындары — 11,1 % болса, ауыл тұрғындарының 3,9 % ғана бұл пікірді бөліседі.

Сізге гендерлік саясат ұғымы таныс па?

Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігіне — 37,2 % гендерлік саясат ұғымы таныс Әйтсе де 35,3 % оның не екенін білмейді. Гендерлік саясат ұғымынан ең көп хабардар – Орал қаласының тұрғындары — 58,9 %. Ал гендерлік саясат туралы ең аз білетін қала Семей — 19,6 %. Алматыда гендерлік саясат туралы білетіндер (38,3 %) мен ол туралы естігендердің (35,9 %) жалпы үлесі жоғары. Бұл тұрғыдан алғанда Алматы қаласы ең жоғары пайыздық көрсеткішке ие болғанын атап өту керек. Бірқатар сұрақтар бойынша Алматы тұрғындарының көбірек хабардарлығын қаланың мәдени астана сипатымен және білім ордаларының көптігімен түсіндіруге болады деген ойдамыз.

Гендерлік саясат туралы білетін әйелдердің үлесі (45,8 %) ерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары (23,4 %). жоғары оқу орындарында гендерлік білімнің жоқтығын немесе шектеулі екендігін білдіреді. Әйелдердің 5 % гендерлік саясат туралы БАҚ-тан, 22,7 % ғаламтордан, 20,8 % жұмыс орнынан естіп- білген.

Гендерлік саясат туралы сауаттылығы ең жоғары деңгейдегі топ – 31 — 45 (43,8 %) және 46 — 59 (45,8 %) жастағылар. Жоғары білімділердің арасында гендерлік саясат туралы білетіндердің пайызы 2 есеге артық – 45,3 %. Сауалнама нәтижелері гендерлік саясат туралы білім деңгейінің адамдардың тұратын жеріне байланысы жоқ екендігін көрсетті. Қала тұрғындарының арасында білетіндердің пайызы жоғары екеніне қарамастан (38,3 %) ауылдық елді мекендерде «Естуім бар» дегендердің үлесі де соған таяу болды (32,3 %). Ал қала тұрғындарынан соңғы жауапты таңдағандардың үлесі 26,3 %. Информанттардың гендерлік саясат жайында біліп-білмеуге қатысты пікірлерінің іс жүзінде теңдей бөлінуі қазақстандықтардың гендерлік саясаттың не екендігі жөніндегі білімдері айқын, нақты еместігін және ҚР гендерлік теңдік стратегиясының бар екендігі олардың хабардарлығына ешқандай әсер етпейтіндігін көрсетеді.

Осы сөз тіркесін қай жерден естідіңіз?

Бұл сұрақ бойынша пікірлер төмендегідей түрде бөлінді: ақпараттың негізгі көзі – БАҚ — 47,2 %, екінші орында «Ғаламтор» — 20,2 %. Тек 9,1 % ғана гендерлік саясат туралы білім саласында естіп- білген. «Жұмыс орнында» деген жауапты таңдағандардың ең көп үлесі Павлодарда — 30,3%. Ең сирек таңдалған жауап «Оқу орнында» болды. Бұл дерек қазақстандық колледждер мен

ҚР гендерлік теңдік стратегиясында төртінші мақсат ретінде гендерлік білім мен гендерлік ағартушылық атап көрсетілгендігіне қарамастан, білім беру жүйесі гендерлік білімнің таралуына өте аз ықпал етеді.

Сіз Қазақстан Республикасында азаматтардың гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік құжаттарды білесіз бе?

Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі — 60,6 % — Қазақстан Республикасы азаматтарының гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік құжаттар туралы білмейді. Нормативтік құжаттаманы білетіндердің ең жоғары үлесі Орал (30,5 %) және Павлодар (29,1 %) қалаларының тұрғындарына тиесілі. Ерлердің басым көпшілігі (72,8 %) гендерлік құқықтарды реттейтін нормативтік құжаттар туралы ештеңе білмейді. Ал әйелдер арасында сауалнамаға қатысқандардың 52,7 % өздерінің құқықтарын реттеп, бірқатар сұрақтар бойынша өмірлерін жеңілдететін нормативтік-құқықтық құжаттардан бейхабар. Гендерлік саясат саласын реттейтін нормативтік- құқықтық құжатнамаларды білуге қатысты сұраққа алынған жауаптар орта білімділерге қарағанда жоғары білімді респонденттердің гендерлік заңнамадан көбірек хабардар екендігін көрсетеді. Қай ұлт өкілі болса да қазақстандықтар азаматтардың гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік құжаттар туралы білім немесе ақпарат алуға талпынбайды. Ауыл тұрғындарының         гендерлік        қатынастар салаласындағы құқықтық реттеу туралы ақпараттары аз. Бұл сұраққа қатысты пікірлердің бөлісі ҚР гендерлік теңдік стратегиясы қатардағы көптеген қазақстандықтар арасында бейтаныс және ол қазақстандық қоғамдағы гендерлік қатынастарға   қатысты   ресми   құрылымдардың көзқарасын көрсететін формалды құжат деген біздің болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.

Сіз Қазақстан азаматтарының гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік құжаттардың дәл қайсысымен таныссыз?

Ең көп таралған ақпарат Еңбек кодексі туралы болды, бұл жауапты респонденттердің 21 % таңдады. Екінші және үшінші орында «Гендерлік теңдік стратегиясы» — 14,9 % мен «Қылмыстық кодекс» — 14,9 % тұр. Алдыңғы сұрақтар секілді мұнда да әйелдер нормативтік құжаттардан көбірек хабардар. Барлық жас топтарының арасында ең танымал құжат – ҚР Еңбек кодексі. Орта және арнайы орта білімі барларға қарағанда жоғары білімді информанттардың құқықтық және азаматтық сауаттылығы жоғары екенін көреміз. Зерттеуге қатысқан барлық этникалық топтар арасында ҚР Еңбек кодексі туралы ақпараттың деңгейі жоғары. Қала тұрғындары арасында көрсеткіштер мынадай: ҚР Еңбек кодексі — 21,6 %, 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы — 17 %. Бұл жауап ауылдық жерлерге қарағанда 0,8 %-ға төмен.

Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясының басты мақсаттарын білесіз бе?

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (60,6%) бұл сұраққа жауап бермеді. Тек 6,8 % «ҚР гендерлік теңдік стратегиясының» мазмұнын біледі. Осы сұрақ бойынша сауаттылықтың ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар (15,8 %) және Орал (14,2 %) қалаларында болды. Ерлердің 73 %, ал әйелдердің жартысынан көбі (53,6 %) «ҚР гендерлік теңдік стратегиясы» туралы ештеңе білмейді. Барлық жас топтары бойынша респонденттердің басым көпшілігі «ҚР гендерлік теңдік стратегиясының» мақсаттарынан бейхабар. Алдыңғы сұрақтар секілді мұнда да 31 — 45 (8 %) және 46 — 59 (7,7 %) жастағы топтар сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жоғары білімділер арасында бұл мәселеден хабардар жандардың үлесі көбірек. Орта білімділердің тек 2,9 % стратегияның басты мақсаттарын білетіндіктеріне сенімді. Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі ережелері туралы ең білетіндер – басқа этникалық топтар өкілдері (2%). Қаланың да (59,6 %), ауылдың да (64,7 %) тұрғындарының көпшілігі бұл сұраққа жауап бере алмады. Мұның алдында қойылған сұрақта біз гендерлік теңдік стратегиясын білетіндердің жоғары үлесіне қол жеткізген болсақ, стратегияның нақты мақсаттарын көрсетуді өтінген бақылау сұрағы респонденттердің басым бөлігінің олардан бейхабар екендігін көрсетті.

Респонденттер «жоғары деңгейдегі өлім-жітімді» (58,9 %), «жүрек-қан тамыр ауруларын» (53,9 %) және «жұмыссыздықты» (39,4 %) ең көп таралған ерлер проблемасы ретінде танып, біледі. Ал ер адамдардың   өздері   ерлер   проблемасы   деп «жоғары деңгейдегі өлім-жітімді» (65,9 %) атап көрсетті. Орта білімділер барлық проблемаларға қатты назар аударады. Жоғары білімділер көбінесе жұмыссыздық проблемасын атады. Барлық этникалық топтар өкілдері бірінші орынға жоғары деңгейдегі өлім-жітімді қояды, оған әсіпесе, орыс ұлтының өкілдері ерекше көңіл бөледі (62,7 %). Барша этностар екінші орынға жүрек-қан    тамыр    ауруларын    қояды.    Қала тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындары ерлердің проблемалары аз деген пікірде.

Осы сұрақ бойынша респонденттердің көзқарастары ҚР гендерлік теңдік стратегиясының мақсаттарына жартылай сай келеді. Сөйтіп, ресми құрылымдар да, қатардағы қазақстандықтар да ерлер арасында сырқат пен өлім деңгейі жоғары екендігіне алаңдаушылық білдіреді. Бірақ сонымен қатар жұмыссыздық мәселесі де ерлер үшін өте маңызды проблема ретінде атап көрсетілді.

Әйелдердің басты проблемаларының қатарында мыналар анықталды: ерте жүктілік — 75,8 %, ақы төленбейтін үй шаруасы — 71,4 %, жұмыстағы және үйдегі екі есе жүктеме — 68,6 %. Ең маңызды емес проблемалар ретінде өлім-жітімнің көптігі (9,6 %) мен жұмыссыздық (18,3 %) атап көрсетілді. Ерлер ерте жүктілікті әйелдердің басты проблемасы деп біледі — 79,1 %. Ал жас санаты бойынша барлық топтар бірінші орынға ерте жүктілікті қойды. Екінші орынға әйелдердің үйдегі және жұмыстағы екі есе жүктеме мәселесі шықты.

31 — 45 жастағылар осы мәселеге ең көп көңіл бөлген топ болды — 70,2 %. Үшінші проблема ретінде үйдегі зорлық-зомбылық атап көрсетілді. Жоғары білімділердің көпшілігі (71 %) үйдегі және жұмыстағы екі есе жұмыс көлемін проблема ретінде көреді. Ал орта білімділер әйелдердің басты проблемасы ретінде ерте жүктілікті атады (79,2 %). Барлық этникалық   топтардың өкілдері де ерте жүктілікті әйелдердің басты проблемасы деп санайды. Олардың ойынша екінші орында ақы төленбейтін үй еңбегі, үшінші орында үйдегі зорлық-зомбылық тұр. Қалалықтар секілді (78,3%) ауыл тұрғындары да (67,5 %) ерте жүктілікті ең маңызды проблемалар қатарына жатқызады. Қазақстандықтардың пікірлері мен стратегияда атап көрсетілген мақсаттардың өзара үйлесуіне келсек, олар әйелдер мәселесінде жартылай сәйкеседі. Зерттеуіміздің деректері бойынша басты проблемалар қатарында атап көрсетілген үй шаруасының төлемі, екі есе жүктеме мәселелері стратегияда қарастырылмаған. Есесіне онда ерте жүктілік мәселесі қозғалған.

Орташа — 1,6 %) пен ерте жүктілік (жоғары — 1,7 %, орташа — 1,3 %) ең маңызсыз проблема ретінде аталды. Басқа этникалық топтардың өкілдері жұмыссыздықты екі жыныс үшін де ең өзекті проблема ретінде атап көрсетті (27,9 %). Еңбек нарығындағы   жоғары            бәсекелестікті таңдағандардың ең жоғарғы көрсеткіші орыс ұлты өкілдерінің үлесінде (18,7 %). Этникалық топтар үйдегі зорлық-зомбылықты ең маңызсыз проблема деп санайды (қазақтар — 0,9 %, орыстар 0,9 %, басқа ұлттар — 1,4 %). Қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары ерлер мен әйелдерге ортақ проблемалар көбірек деген пікірде. Олар жұмыссыздықты басты проблема деп біледі (33,4 %). Қалалықтар (1,1 %) мен ауыл тұрғындары (0,6%) тұрмыстық зорлық-зомбылық пен ерте жүктілікті (қала — 2 %, ауыл — 0 %) ең маңызсыз проблема деп санайды. Осы сұраққа қатысты пікірлер бөлісі қазақстандықтар үшін экономикалық проблемалардың (жұмыссыздық, еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік) зор маңызға ие, ал гендерлік мәселенаманың маңыздылығы аз екендігін көрсетеді.

Әйелдердің  қандай топтарын әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жатқызасыз?

Ерлер мен әйелдерге ортақ проблема ретінде жұмыссыздық (24,9 %), еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік (15,3 %) атап көрсетілді. Барлық жас топтары бірінші орынға ерте некені қойса, үйдегі зорлық-зомбылық (жоғары — 0,6 %,

Сауалнамаға қатысушылар бірінші орынға мүгедек әйелдерді (54,3 %), екінші орынға жұмыссыз әйелдерді (53,3 %), үшінші орынға мүгедек балалы әйелдерді (49,9 %) жатқызды. Ер адамдар әлеуметтік тұрғыдан ең осал топқа жұмыссыз әйелдерді (53,6 %), ал әйелдер мүгедек әйелдерді (56,4 %) жатқызады. Ерлердің пікірі бойынша еңбек ету арқылы ақша табудың мүмкін еместігі әйелдердің осалдық дәрежесін арттыра түседі. Ал әйелдердің пікірі бойынша мүгедек немесе ауру бала осалдық дәрежесін арттыра түседі. Жұмыссыздық мәселесі одан кейінгі орында. Респонденттердің жас тұрғысынан қарасақ, барлық топтың өкілдері денсаулықтың болмауы немесе балалардың ауруға шалдығуы әйелдерді әлеуметтік тұрғыдан осал етеді деген пікірде. Әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын анықтауда жоғары және орта білімділердің жауаптары өзара өте ұқсас. Жоғары білімділер де, орта білімділер де бірінші орынға жұмыссыз әйелдерді (54,3 %), екінші орынға мүгедек әйелдерді (52,7 %) қояды. Қазақтар жұмыссыз әйелдерді (53,9 %), ал орыстар мен басқа этникалық топ өкілдері мүгедек әйелдерді (59,9 %) ең осал топқа жатқызады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close