Тәуелсіздікке — 30 жыл

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ АЯҚ БАСТЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылы Қазақстан үшін өрлеу мен тұрақты даму дәуіріне айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тəуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған тəуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – əр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Тəуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты».

2021 жыл тарихи және межелі жыл болмақ. Қазақстан 10 жылдық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Алдағы жылдарға көп нәрсе жоспарланған. Тәуелсіздікке қол жеткізу жаңа демократиялық мемлекет, жаңа қоғам құрудың негізін қалаған Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға болды.

Әлемдегі кез келген ел сияқты Қазақстан үшін де тәуелсіздік мемлекеттіліктің берік тірегіне айналды және егемендіктің  негізін құрады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close