#Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 160 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Шымкент қаласында өткен тәулікте 160 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде белгілері бар–136, белгілері жоқ –24. Ал індет жұқтырған 74 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 86 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2500 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1529 төсек орын бос.Инфекциялық стационарда 971науқас емделуде,жансақтау бөлімінде –446төсек орын бар, 186 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 5022 адам вакцина алды (I компонент-2766, II компонент-2256).Егу науқаны басталғалы барлығы 451 839 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 381 895 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close