Мәдениет/Тарих

«ГАМЛЕТ» ТРАГЕДИЯСЫ ҚОЙЫЛЫМЫН ТЕАТР АКТЕРЛЕРІ ШЕБЕР СОМДАП ШЫҚТЫ

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында ағылшын классигі У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы өтті.
Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлемдік театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние.
Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет — адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік тұлға.

Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев.
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Осы қойылым ертең (25 қыркүйек) сағат 19.00 де көрермен назарына ұсынылатын болады.
Театрда жүздесейік!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close