Мәдениет/Тарих

ҚУЫРШАҚТАР КОНЦЕРТІН САХНАЛАДЫ

Шымкенттегі қуыршақ және жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты қуыршақтар концерті өтті. «30 жылдыққа – 30 қойылым» акциясы аясында театрда сахналанған «Тәуелсіздік – тірегім» концерттік бағдарламасының тәлімдік, патриоттық және идеологиялық ролі өте биік.

Қоюшы режиссер М.Малдыбаеваның, суретші Е.Айдаровпен бірге жасаған декорация мен костюм эскиздері көк түсті негізге алуы мемлекетіміздің көк туы мен сәйкес келуі ұтымды шешім. Концерттік бағдарламада қуыршақ персонаждар қолданылды.

Шымкент қуыршақ және жасөспірімдер театры апта күндерінде қайта сахналанатын қойылымды тамашалау үшін қала тұрғындары мен қонақтарын шақырады. Театр басшысы Самат Алтай бастаған ұжым, театр әртістері керемет туынды үшін өнері мен шеберліктерін аянып қалған жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close