Мәдениет/Тарих

БІР ЕЛ – БІР КІТАП

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында кітапханамызда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» атты әдеби кеш өтті.

Шараға Зиялы қауым өкілдері, Шымкент университеті, политехникалық колледжі, «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығының демалушы ардагерлері мен кітапханашысы, А.Сейдімбеков атындағы №80-IT мектеп-лицейі қатысты.

​Әдеби басқосуға ақын Нармахан Бегалыұлы, жазушы Есқара Тоқтасынұлы, ф,ғ,к., доцент, жазушы Зылиха Жантасова және Арыс қаласынан арнайы келген кәсіпкер, жазушы Тұйғынбек Әлжігіт сөз алды.

​Қаламгерлер Жыл кітаптары туралы пікір білдіріп, ой бөлісті. Жастарды кітап оқуға шақырды, сондай-ақ, әдеби композиция оқылып, патриоттық әндер шырқалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close