Мәдениет/Тарих

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Бабалар жолымен» тақырыбында мәдени іс-шара өтті.

Елбасы өз мақаласында ұлы даланың өткен тарихын жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын ұлт құндылығы ретінде ұсынған болатын. Мақаланың негізгі мақсаты өткенді зерттеп, зерделеу. Ұлттық тарихи жәдігерлерді әлемдік деңгейге шығарып, брендке айналдыру. Осы қағиданы ұстанған «Бабалар жолымен» атты мәдени іс-шара да қатысушылар арнайы әзірленген даналық сөздерді оқи отырып, бабалар бейнесіндегі кейіпкерлермен танысты. Сонымен қатар, «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніндегі «Шахристан», «Шығыс базары», «Хауыз», «Жібек жолы керуені» және «Цитадель» музейіне саяхат жасады.

Бағдарлама аясында ұлттық нақышпен безендірілген сәкі үстінде Шымкент қаласының панорамалық көрінісімен фототүсірілім де жасалды. Сондай-ақ, келушілер LED экраннан Тәуелсіздік туралы және «Шымқала» тарихи-мәдени кешені туралы шағын бейнеролик пен «Әл-Фараби» анимациялық бейнефилімін тамашалады.

Тағылымы мол іс-шараны өткізудің мақсаты жастарға қазақ тарихынан мағлұмат бере отырып, олардың таным көкжиегін кеңейту. Сонымен қатар, жаңа қазақстандық патриотизмге болып табылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close