Мәдениет/Тарих

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнер жұлдыздары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында «Тәуелсіздікке тарту» атты гастрольдік сапарын бастады.

«Жаңаталап» мәдениет үйінен бастау алған «Тәуелсіздікке тарту» мерекелік концерті ашық аспан астында жергілікті тұрғындарға ұсынылды.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әуендер мен күйлерді тарту етті. Көрермен көңілінен шыққан әндерді қосыла шырқап, концерт соңында алғыстарын білдірді.

Гастрольдік сапар 04 қазанға дейін өз жалғасын тауып, Шымкент қаласы аумағының барлық мәдениет үйлері мен клубтары жанында концерттер ұйымдастырылуы жоспарланған. Келесі концерт 09 қыркүйек сағат 18:00-де «Қызылжар» мәдениет үйінде жалғасатын болады. Концертті тамашалауға ниеттенген азаматтар тарапынан сақтық шарттарын орындауы қадағаланатынын ескере, бетперде тағып, арақашықтықты сақтауын сұраймыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close